ЖАСҰЛАН

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖАСҰЛАН» ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына арналған «ЖасҰлан» әскери спорттық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: өскелең жас ұрпақты патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықтарын арттыру, Отанына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Студенттер саптық дайындық, әскери-спорттық сайыстар, тартылу мен арқан тарту бойынша сайысқа түсті. Жарыс нәтижесі бойынша

І -орын Ф-911б, ІІ — орын Ф-912Б, ІІІ — орын В-911Б топтары жеңіп алды.

[su_slider source=»media: 8543,8544,8545,8546″ limit=»32″ link=»lightbox» width=»480″ height=»280″]