Жастар ісі

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Cамидолданов Руслан Ермекович

тел: 8 777 595 4630

E-mail: Samidoldanov95@mail.ru

Колледжімізде студенттік өзін өзі басқару ұйымы құрылған. Ол ұйымда 80ге жуық студент жұмыс жасауда. Біз өз қатарымызға белсенді, жан жақты, алғыр студенттерді шақырамыз. Өз ойларыңызды бізбен бірге іске асырыңыздар.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде белсенді студенттерден құралған көптеген ұйымдар бар:

Конвент: Міндеттері, колледждің және басқа да қоғамдық шараларына белсене ат салысып, өз үлестерін қосу, акт залында өтетін шаралардың тыныштығын және тәртібін қадағалау.

Старостат: колледж топтарының старосталарынан құрылған ұйым, топтың сабаққа қатысуын және білім денгейін көтеруге , топтың арасында болатын жағдайларды қадағалау және қоғамдық іс-шараларға қатысу.

Саналы ұрпақ: сыбайлас жемқорлықтың, коррупцияның алдын алу үшін құрылған ұйым, колледжіміздің таза сессия акциясын қадағалау және колледж ішінде коррупцияға жол бермеу, қоғамдық іс-шараларға қатысу.

Жалын жастар жасағы: Колледждің тыныштығына, білімгерлердің арасында бұзақылыққа жол бермеу, қылмыс жасаудың алдын алу үшін кұрылған ұйым.

Жайдарман: колледж белсенділерінен құрылган клуб, жайдарман мәдениетке, тәрбиеге, актерлік шеберлікке, жан жақты болуға және достық қарым қатынасты нығайтуға септігін тигізуде.

Би үйірмесі: Колледждің шараларына және қоғамдық өмірге атсалысу , көптеген би түрлерін үйренуде.

КДМ: Колледжегі белсенді студенттер және сектор жетекшілерін қадағалайтын , бағыт бағдар беретін ұйым.

Театр үйірмесі: көрініс арқылы өзекті проблемаларды жеткізу, адасушылықтың алдын алу,адалдыққа, мәдениетке, тәртіпке үйрететін және қоғамға үлесін қосатын үйірме.