Жастар Синергиясы

Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жастар Синергиясы» жобасының аймақтық IT жобалар аллеясы басталады.
01.10.2019 күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситеті базасында «Жастар Синергиясы» жобасының аймақтық IT жобалардың көрмесі өтіп, үздіктері іріктеуден өтті, және арнайы қатысушыларға білікті мамандардан мастер-класс ұйымдастырылды.
Аталған іс – шараға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас мамандары Жігер Бегдаулетұлы, Назар Албосынов, Улан Айдос қатысып, өз жобаларын ұсынды.
➡Естеріңізге сала кетейік, «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» жобасы Қазақстандық жас IT-мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, IT-салаға қызығатын жастарды қолдап, ең үздік IT-жобалардың жүзеге асуына грант бөлуді көздейді.
Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша Жігер Бегдаулетұлы, Назар Албосынов Республикалық жастар Синергиясы ҚХА форумына жолдама алады 🆒
👏Форум нәтижесінде ең үздік жоба үшін
I-орынға 1млн🍋тг;
II-орынға 700 000тг;
III-орынға 500 000 тг көлемінде жобаны жүзеге асыруға грант беріледі.