Дуальное обучение

Білім беру үрдісінде дуалды оқыту жүйесінің тиімділігіФотогалерея Договора

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

2020-2021 оқу жылында колледждегі контингент 1841 студентті құрайды, оның 973 білімгері дуалды оқыту бойынша оқиды, бұл дегеніміз контингенттің 53% құрайды. Колледждегі 70 топтың ішінде, 36 топ дуалдық оқыту бойынша оқиды.

Колледждегі барлық техникалық және технологиялық мамандықтар 2025 жылға дейін 100%-ға дейін қамтылады.

Колледжде қазіргі кезде дуалды оқыту бойынша 61 дана келісім-шарт серіктестіктермен жасалынған. Келешекте дуалды оқытуда 100%-ға жеткізу үшін серіктестіктер арасында келісім-шартқа отыру жалғастырыла береді.

Дуалды оқытуды мамандық бойынша алатын болсақ колледждегі 14 мамандықтың 9 енгізілген оның ішінде 21 мамандандыру бойынша дуалды оқиды.

Бүгінгі күнде Г-811б топ студенттері дуалды оқыту бойынша ЖШС Тавиди серіктестігінде тәжірибелерін өтіп жатыр.Бұғанға дейін ПАТ-711б, ПВ-711б, ПЭ-711б топтардағы студенттер өндірістік тәжірибелерін дуалды түрде өткізді. Қазіргі кезде АР-812б тобындағы Садыков Азамат, АР-912 тобындағы Кузов Денис дуалды оқыту бойынша тәжірибеден өтіп жатыр.

2021 жылдың 2 ақпанда №55 бұйрығы бойынша индустриалды кеңесі құрылды. Кеңестің құрамында 18 кәсіпорындар мен серіктестіктердің басшылары бар. Сонымен бірге білім беру бағдарламасының жоспарын құруға индуструалды кеңес комиттерінің құрамы да бекітілді.

2015-2016 оқу жылында «Ғимараттар мен үйлерді салу» мамандығы бойынша оқитын С-511б топтағы 25 студентпен ұйымдастырылды.

2018-2019 оқу жылында 69 студент «Ғимараттар мен үйлерді салу» мамандығы бойынша алғашқы болып, колледжді бітіреді.

Дуалды оқыту жол картасына сәйкес төменде аталған мамандықтар мен мамандандырулар қамтылған:

1. 1401000 — «Ғимараттар мен үйлерді салу» мамандығы;

2. 0104000 — «Кәсіптік білім беру» мамандығы;

3. 1201000- «Автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы;

4. 1405000 — «Газ бен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығы;

5. 1305000 — «Ақпараттық жүйелер» (қолдану саласы бойынша) мамандығы, «Дизайнер» мамандандыруы;

6. 0103000 — «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі», «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы» мамандандырулары.

Осы аталған мамандықтар мен мамандандыруларды кәсіптік тәжірибеден өткізу үшін төменде аталынған кәсіпорындар мен серіктестіктер арасында 3 жақты келісім-шарттар жасалынды: ТОО «Шымыр», ТОО «ТRANSTAL», ТОО «Gaz Servise TK», ТОО «Ауа-жай», АО «НИТ», ТОО «Талдыкорган Архитектура», ТОО «АК-Нар А», ТОО «Камила Капитал», ТОО «НурБота», ТОО «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ, АО ПТУЦ ОО «Отан», ТОО «Жан-Ел», ТОО «Алем Buldding», ТОО «ЧИНГИЗХАН-Курылыс», «Didakt-KZ» кәсіби дамыту және біліктілікті көтеру орталығы, ТОО «Спец.Техно.Маш.», ТОО «ГАККУ-Курылыс», «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Жастар» спорт сарайы, Талдықорған қаласындағы «Спортпен шұғылданатын балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» КММ, Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.

Келешекте дуалды білім беруді 50 пайыздан асыру мақсатқа қойылған. Ол үшін мына төменде аталған мамандықтарды қамту жоспарлануда.

1. 0104000 «Кәсіптік білім беру» мамандығы, оның ішінде:

«Ауылшаруашылық өндірісін электрлендіру»

«Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру»

«Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандандыру

2. 1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)»

3. 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

4. 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

5. 0911000 – «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

А.Ж.Инсенов, директордың кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орындасары, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері

 

 

 


Warning: Unknown: write failed: Disk quota exceeded (122) in Unknown on line 0

Warning: Unknown: Failed to write session data (files). Please verify that the current setting of session.save_path is correct () in Unknown on line 0