«Волейболдан» 1 — курс білімгерлер арасында турнир

2021 жылдың 22 ақпан күні пән мұғалімдері Ахмет Жеңіс және Рыскелдіұлы Аслан дене тәрбиесі пәні«Волейболдан»1 ші курс білімгерлер арасында жарыс өткізіді. «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Жумайбеков Ержан жарыстың салтаннатты ашылуында сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Жарыс олимпияда ережесіне сәйкес өткізіліп, ең мықты командалар анықталып, жүлделі орындарға ие болған командалар колледж директорының мадақтау грамотасымен марапатталып, медальдар табысталды. Осы жарыстың барысында жақсы ойнап көзге түскен ойыншылар Оразымбет Жансая, Құрманбек Ажарлым, Баяхметов Данияр, Серікжанұлы Ерзат колледжіміздің негізгі құрама командаларына енгізілді.

Жарыс қортындысы бойынша төменде көрсетілген топтар келесі орындарға ие болды:

1-орын С-01 б тобы

2-орын Р-01б тобы

3-орын Ф-013б тобы