«БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ОҢТАЙЛЫ ОҚУ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ

«БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ОҢТАЙЛЫ ОҚУ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жылдың 19 ақпанда «Серпін» жас мамандар шығармашылық тобының «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинарда жас мамандарға нәтижелі сабаққа жетудегі оқытудың тиімді әдістері, білім алушылардың өзіндік ізденісін жетілдіру, «WorldSkills» стандарттарын оқу үрдісіне енгізу, электронды оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульді қорытындылаудағы бағалау механизмі нақты қолданыстағы тәжірибенің қорытындысы негізінде ұсынылды.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Worldskіlls oрталығының жетекшісі Токенова Г. С., ІТ кафедрасының меңгерушісі Абдрешова А.Б. және Жас маман — Баяхметов Мирас шеберлік сағатын өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.