Бір әңгіме қозғайық ауыл

1.10.19 «Тілтану» кафедрасының онкүндігі аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде ақын, отызға жуық әннің авторы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, — Жұматай Оспанұлы Әміреевпен кездесу өтті.
«Бір әңгіме қозғайық ауыл жайлы…» атты Жұматай Әміреевпен
өткен сырласу кешінде колледж жастары ақынның өмір жолы және шығармашылық жолымен жақын танысып, өздерінің толғандырған сұрақтарын қойды. Жұматай Оспанұлы жастарға тағылымы мол әңгімелерінен сыр шертіп, ой бөлісті. Сондай- ақ, Жұматай Оспанұлының ізін басып, жолын қуған шәкірттері де келіп, өз арнауларын, өлеңдерін оқыды. Жетісу телеарнасынан түсірілім жасалған кеш соңында белсенділік танытқан студенттерге ақын ағамыз өзінің шығармалар жинағын тарту етті, алғыс хатпен марапатады.