Білім және ғылым

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің «Білім және ғылым»тақырыбында өткен тамыз педагогикалық кеңесіне қатысты. Тамыз кеңесі – әр оқу жылы алдында білім саласындағы өзекті мәселелерді анықтап, саланың дамуына талдау жүргізіп, мақсат-міндеттерімізді айқындайтын басты жиын болып табылады. Конференцияда білім және ғылым саласындағы өзгерістер талқыланып, әртүрлі идеялар мен бастамалар ұсынылды. Облыс бойынша жиналған ұстаздар тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салды.