Автоматизированная учебная часть

Автоматтандырылған оқу бөлімі – студенттердің білім сапасын бақылау және мониторингтеу әдістері мен формаларын жетілдіру бағытында мақсаттарды анықтайды. Сабақ кестесін жасауда модульдік жүйеге ауысуды жүзеге асырады. Оқытушылар мен студенттердің еңбегін нақты жағдайға қарай тиімді ұйымдастырылуын қадағалайды.

Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, колледждегі сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады.

Кестеге сәйкес сабақтардың орындалуын ұйымдастырады, сабақтарды өткізу үшін аудиториялардың уақытылы берілуін қадағалау. Оқу өндірістік графигінің орындалуын ұйымастырады. Оқытушылардың өзара сабақ ауысыуын ұйымдастырады. Оқушылардың білім сапасының, оның нәтижелілігін тиімділігін, мониторингін ұйымдастырады. Емтихан сессиясы нәтижелері сапасының мониторингін және салыстырмалы талдауын жасайды. Кіріспе бақылаудың студенттердің білімін аралық бақылаудың мониторингін ұйымдастырады. Міндетті бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау, аралық бақылау, бақылау мониторингін ұйымдастырады.

Оқу кестесінің және оған өзгерістердің орындалуын бақылайды. Емтихан сессиясының өтуін (аралық бақылау), білім аттестациясын (аралық бақылау), кіріспе бақылауды бақылайды. Диспечердің, зертханашының жұмысын үйлестіріп бақылайды.

Бейлистов Берік Қалқаманович — Автоматтандырылған оқу бөлімің меңгерушісі

Нұрмышева Гүлзада Бақытбекқызы, менеджер

Абдрасилова Айдана Қайратқызы, менеджер

Тастандинова Гульмира Ыргалбековна. менеджер

Алина Бериковна, менеджер

Менеджердің қызметтік міндеттері: Оқу бөліміндегі оқу құжаттарының (журналдардың, қалталардың) жауапты, академиялық үлгерім мен сабаққа қатысуы туралы қысқаша мәлімдемелері кафедра кестесін басып шығарады. Баспа материалын уақытында дайындайды. Сабаққа қатысуды ұйымдастырады, оқу үрдісі туралы қысқаша мәліметтерді дайындайды. Тікелей Автоматтандырылған оқу бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді.