«БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ»

Болашақ мамандық пен оны меңгеретін білім беру мекемесін таңдау, ол маңызды қадам болып табылады, өйткені бұл сіздің болашақ тағдырыңызды айтарлықтай анықтаудағы қадамның бірі. ­

Жоғары сапалы білім мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық қана тек болашаққа деген сенімді арттыруға және табысты мансапты қалыптастыруға мүмкіндік береді. ­

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы қолға алынған болатын. Бұл жоба жастарға алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге мүмкіндік береді.

Жоба жұмысшы біліктілігі бойынша жергілікті бюджет пен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылады. ­

Ең алдымен тегін білімге жұмыссыз және өзін-өзі асырап жүрген жастар мен кәсіби білімі жоқ, жұмысқа жарамды жастағы жандар қол жеткізе алады.