Арыстан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Талдықорған жоғары политехникалық колледж директорының кубогына студенттер арасында жекпе-жек сайысынан турнир өткізілді. Жарыс нәтижесінде командалық I — орынды «Арыстан» жекпе-жек өнер академиясы, II — орын Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, III — орынға табан тіреген Кербұлақ ауданының құрама командасы болды.