АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қоғам белсендісі ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталдым.

Іс-шараға өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық/аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

Жиынның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы осы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.

Жиында алғашқы сөз сөйлеген Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Сағындықұлы сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалыптастырудағы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлес қосқан қоғам белсенділері марапатталды.

Қатысушыларының пікірінше, бүгінгі іс-шара диалог алаңы болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосымша серпін береді.