Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті 18 қазан күні Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетын өткізді. Мақсаты: Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты парасаттылық пен адалдыққа баулу, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Аталған шараға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері белсене қатысты.