10.02.2020ж «Nur Otan » партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойына орай «Абай» есімі берілген «Bookcrossing» аймағының ашылу салтанаты өтті.
Шараға колледж студенттері қатысып, ИС-914 б тобының студенттері Данагулов Нұрсұлтан мен Ауанғали Рауан өздерінің домбыраларымен Абайдың әнін орындап, әдемі күйлерін тарту етті.
Сонымен қатар. 4 курс студентері Бекмұратқызы Жұлдыз бен Турдахун Мадина Абай Құнанбайұлына арнау арнап, ақынның қара сөздерін оқып өз өнерлерін көрсетті.