Тәрбие жұмысы туралы қағида

 

  1. Жалпы ережелер

Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты-тәрбие берудегі дүниежүзілік тәжірибе мен ұлттық дәстүрді қолдана отырып, түйінді мәселелерді таба біліп, оларды азаматтық көзқараспен шеше білетін мәдениетті, ізгілік-адамгершілікті, дені сау, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті болашақ маманның кәсіби дамуына және әлеуметтік бейімделуіне әсер ететін тиімді ғылыми – әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа шарттармен қамтамасыз ететін интеграциялы тәрбие жүйесін қалыптастыру.

 

  1. Колледждегі тәрбие жұмысына қойылатын талаптар
  • тәрбие жұмысының мазмұны, түрі және әдістерін шәкірттерінің жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес анықтау;
  • оқу –тәрбие үрдісінің біртұтастығын оның құрамды бөлшектерінің –тәрбие және оқуды интеграциялау арқылы қамтамасыз ету;
  • оқытудың тәрбиелік потенциялын көтеру арқылы тәрбиенің тиімділігін арттыру;
  • оқу пәндерінің мазмұны ізгілік және тәжірибелік бағытты бере отырып, шәкірттерді қөп ұлтты қоғамға сәйкес Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
  • жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене тәрбиесі мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойлау қабілетін байыту арқылы жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін дамыту;
  • конституциялық демократияны сақтап қалуға мүмкіндік туғызу үшін құндылықтар мен қағидаларды сақтауға әзір, азаматтық қөзқарасты қалыптастыру;
  • шәкірттерінің республиканың, облыстың қоғамдық-саяси өміріне араласуына шынай мүмкіндік туғызу;

 

  1. Тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру түрлері

3.1.Колледждегі тәрбие жұмысының жылдық жоспары алдын ала болжау моделі негізінде жүйелік, біртұтастық, қағидаларын сақтап, дәстүрін, кадрлар мүмкіншілігін, әлеуметтік сұранысың ескере отырып құрылады.

3.2.Әлеуметтік қатынастардың ізгілік бағыттылығы, табиғилығы, мәдениеттілігі негізіне ойластырылады.

3.3.Тәрбие мәселелері туралы маңызды құрылымдылық шешімдер педагогикалық кеңесте, колледж кеңесінде қабылданады.

3.4.Колледждегі тәрбие жұмысының жалпы басқарушы болып колледж директоры табылады.

3.5.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары колледждегі тәрбие жұмысының тікелей жетекшісі және ұйымдастырушысы болып табылады.

3.6.Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқытушылар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін жағдай туғызылады.

 

  1. Қолданылатын құжаттар мен есеп беру

Колледжде өткізілетін тәрбиелік шаралар жүйеленіп, есепке алынып отырады.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарында:

  • тәрбие жұмысының жылдық жоспары;
  • тәрбие жұмысы туралы Ережелері;
  • топ жетекшісі туралы Ереже;
  • топ жетекшілері кеңесі туралы Ереже;
  • қалалық әкімшіліктің жастар, туризм және спорт бөлімімен байланыс және есеп беру туралы құжаттар;
  • номенклатуралық құжаттар;

Колледждегі тәрбие жұмысының барысы  әр оқу жылында эксперттік топ мүшелерімен: жалпы, тақырыптық жеке тексеру арқылы қадғаланып, колледж кеңесінің жоспарына сәйкес тыңдалып, талқыланып отырады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша рейтингтік жүйенің талаптарына сәйкес, жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар, бірнеше дүркін жеңімпаздар марапатталады.