Талдықорған политехникалық колледжінде «парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум барысы туралы

Акцияны өткізу мерзімі: 07.04.2017ж

Акцияны өткізу орын: Колледж аланы

Акцияға қатысушылар: колледж студенттері, оқытушылар,

Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және «Алма ТВ» кабельді телеарнасы» ЖШС директоры Берік Бекбатыров

2017 жылғы 7 сәуір күні сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай — Департамент) бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-басымдық бағыты және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру бағытында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында Талдықорған қаласындағы политехникалық колледж алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті.

Форумның мақсаты — акцияның облыстың басқа да аймақтарына таралып, мобильді топ жұмысын кеңінен насихаттау болды.

Форумда Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және «Алма ТВ» кабельді телеарнасы» ЖШС директоры Берік Бекбатыров сөз сөйлеп, аталған бастаманың облысымыздың әр елдімекені мен әр азаматына жетіп, қоғамға пайдасын әкелетін шара екенін атап өтіп, жиналған жастарға белсенділік көрсетіп, елін сүйер, парасыз болашақтың иесі болуға шақырды.

Форум аяқталысымен Департамент жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі мобильдік топ Қаратал және Кербұлақ аудандарына жол тартты.

 

Author