Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауы

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Н.Ә.Назарбаев

Мен, Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлы, осы оқу орнында өндірістік оқыту шебері қызметін атқарушы жас мамандарының бірімін.

Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер ұлтқа берілген мүмкіндік деп атап өткен Елбасы, Қазақстан халқына үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін атап өтті. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді.

Елбасы өз жолдауында урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып, отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс — деді.

Жолдауда бірінші басымдықта орын тапқа, мәселенің бірі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру. Маңызды міндетті орындауға – кәсіпқой мамандар даярлауда Талдықорған политехникалық колледжі ат салысатыны сөзсіз.  Білімді де білікті құрылысшы, электромонтер, механик, электрик сияқты мамандықтарды игерген біздің түлектер тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың  несиелік және арендалық, жер телімдерінің бөлінуі іспетті шаралары көрініс тапты. Әр жас маман мен жас отбасының өзекті мәселесіне айналған баспана түйткілін елбасының назардан тыс қалдырмауы баршамызды қуантады. Біздің ұжымда жас мамандардың саны өте көп, отбасын құрып жатқандары да баршылық.  Әрине бұл біздің ұжымның  жалындаған жастарының болашаққа деген үмітін қанаттандыра түспек.

Биылғы Жолдауда да білім саласына айрықша көңіл бөлінген. Болашағынан ел мол үміт күтетін ұрпақтың, білім деңгейін, шығар­машылық қасиетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жылғы Жолдауларында жастардың дұрыс тәрбие мен білім алуына, әлеуметтік қолдау табуына ерекше назар аударып келеді.

Жастар – елдің ертеңі, кемел келешектің тұтқасы. Елбасының биылғы Жолдауы жастардың әлеуетін биік деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, олардың күш-қайратын мемлекет мүддесіне бағыттайтын, болашаққа сенімін нығайтатын бағдар деп білемін.

Тәуелсіздіктің байрағын биік ұстау, жастардың еншісінде, сондықтан мына отырған жастар еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерімізді салайық!

Өндірістік оқыту шебері

Ш.Б.Нұрғожаев