Робототехника және мехатроника зертханасы

Құрастырушы: Ш.Б.Нұрғожаев «Робототехника және мехатроника» зертханасының меңгерушісі

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер
2. Зертхана мақсаттары
3. Зертхана міндеттері
4. Зертхананы материалдық қамсыздандыру
5. Зертханадағы материалдық құндылықтардың сақталуына жауапкершілік
6. Зертхана жұмысын ұйымдастыру
7. Зертхана меңгерушісінің құқықтары мен міндеттері
8. Зертхананы қолданушылардың құқықтары мен міндеттері
Қосымша 1 Робототехника және мехатроника зертханасының тәртіп ережесі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Бұл ереже Талдықорған политехникалқ колледжінде робототехника және мехатроника зертханасын (әрі қарай — зертхана) қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастырудың жалпы талаптарын орнатады.
  • Зертхананың ережесін колледждің барлық бөлімдері мен кафедралары қолдана алады;
  • Зертхананың аудиториялық және аудиториядан тыс жүргізілетін жұмыстарды жүктеу программасы директордың оқу және ғылыми әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасарымен келісіледі және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
  • Зертханасының жұмыс процесін әдістемелік түрде қамтамасыз ету жұмыстары директордың оқу және ғылыми әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары мен кафедра меңгерушілері арқылы жасалады және реттеледі.
  • Робототехника және мехатроника зертханасындағы жұмыс істеу ережелерін бақылау материалдық түрде жауапты адам (әрі қарай зертхана меңгерушісі) жүргізеді, ал топтық оқу сабақтарында оқытушы жүргізеді. Лицензиясы бар программалық жабдықтарды қолдануды бақылауды материалды-жауапты тұлға-робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі жүргізеді.
  1. Зертхана мақсаттары
  • Зияткерлік, техникалық шығармашылық іс-әрекеттерге қатыстыру арқылы дарынды студенттердің жеке қабілеттерін креативті дамыту жұмысын жүйелеу.
  • Зертхананы қолдану колледжді ақпараттандырудың алдыңғы бағыттары болып келетін компьютерлік техникалар мен программалық жабдықтарды (ПЖ) жинақтау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) аймағында білімгерлердің сауаттылығын қалыптастыру ретінде қарастырылады.
  • Компьютермен жабдықталған және оқу процесі үшін пайдаланылатын робототехника және мехатроника зертханасы оқу процесін әдістемелік, программалық және техникалық жағынан қамтамассыз ету үшін, колледждің оқу процесінде оқытушы, студенттер робототехника және мехатроника саласында зерттеу жұмыстарымен айналысу үшін құрылады.
  1. Зертхана міндеттері
  • Зертхана базасында роботтар мен механикалық модульдерді қолданып өткізілетін міндетті пәндерді және таңдау курстарын, сонымен қатар дипломдық, курстық жұмыстарды және басқа да студенттердің өздік жұмыстарын орындау үшін әдістемелік және техникалық қамсыздандандыру.
  • Колледждің оқу және оқудан тыс бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу.
  • Оқу процесінде пәндерді жүргізуде робот және мехатроникалық модульдермен қолдау көрсету.
  • Оқу-әдістемелік мақсаттағы бағдарламалық өнімдердің банкін қалыптастыру;
  • Электрондық оқулықтар және құралдар банкін қалыптастыру;
  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге қол жетімді болатын оқу-әдістемелік әдебиеттер және оқытушылардың әдістемелік құралдарының кітапханасын қалыптастыру;
  • Бағдарламаларды жасау, өңдеу және оқу семинарларын өткізу.
  • Зертхананың оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық, ақпараттық базасының дамуы және жетілдірілуі бойынша ұсыныстар беру.
  1. Зертхананы материалдық қамсыздандыру
  • Зертхана жабдығы:
  • санитарлық-техникалық нормаларға сай роботтар мен мехатроникалық модульдер;
  • Орналастыруы санитарлық-техникалық нормаларға сай болатын компьютер;
  • Дыбыс колонкалары (қажетінше);
  • Проектор немесе интерактивті тақта(қажетінше);
  • Жергілікті және ауқымды желіні ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар;
  • Программалық қамсыздандыру;
  • Оқу процесін толыққұнды қамтамасыз етуге қажетті оқу-әдістемелік әдебиет.
  • Зертхана төмендігілермен жабдықталуы тиіс:
  • Өрт сөндіру құралдарымен;
  • Жергілікті жарықтандыру шамдарымен (қажетінше);
  • Әдістемелік ақпарат стендімен;
  • Ақпараттық стендпен (коридордағы зертханаға кіретін жерде);
  • Сигнализация жүйесімен;
  • Кондиционермен (қажетінше);
  • Медициналық қобдишамен.
  • Робототехника және мехатроника зертханасының терезелерінде арнайы перде орнатылады.
  • Әдістемелік ақпараттық стендте мыналар болуы керек:
  • Техникалық қауіпсіздік пен жұмыс істеу ережелері туралы инструкциялар;
  • Гимнастика, дене шынықтырулық үзілістер, көзге арналған жаттығулар кешені;
  • Зертханада жүргізілетін пәндер бойынша қосымша ақпарат алуға арналған (зертханада қарауға рұқсат етілген) Интернет‑сілтемелер тізімі;
  • Оқу процесінде қолданылатын электронды ресурстардың тізімі;
  • Робототехника және мехатроника зертханасының жұмыс жоспары.
  • Ақпараттық стендте мыналар болуы керек:
  • Робототехника және мехатроника зертханасының жұмыс кестесі;
  • Қосымша ақпараттық материалдар (қажетінше).
  • Робототехника және мехатроника зертханасының материалдық-техникалық базасын қаржыландыру колледждің бюджеттік және бюджеттен тыс қаржылар арқылы қамтамасыз етіледі.
  1. Зертханасындағы материалдық құндылықтардың сақталуына жауапкершілік
  • Материалдық құндылықтың (роботтардың, механикалық модульдердің, компьютерлердің, құрал-жабдықтардың, инвентарьдың, жиһаздың) сақталуына зертханаға жауап беретіндер толық жауап береді. Лицензиясы бар программалық жабдықтарды қолдануды бақылауды материалды-жауапты тұлға-робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі жүргізеді.
  • Барлық материалдық құндылықтар номерленуі керек.
  • Жауапты адамдар жұмыстан босатылғандар материалдық құндылықтарды колледждегі жауапты адамға қабылдау-өткізу актісі, сенім бойынша өткізілуі тиіс.

6. Зертхана жұмысын ұйымдастыру

  • Оқу уақыты колледждің сабақтардың кестесіне сәйкес белгіленеді.
  • Білімгерлердің зертханаға кіруі/шығуы меңгерушінің немесе сабақ беретін оқытушының рұқсатымен және қоңырау бойынша орындалады.
  • Білімгерлер зертханада сабақ біткенше отырады. Қажет болған жағдайда білімгер меңгерушінің немесе оқытушының рұқсатымен шыға алады.
  • Топтық сабақтар кезінде құрал-жабдықтардың, программалық қамсыздандырудың, роботтар мен мехатроникалық модульдердің дұрыс күйге келтіруді және жұмыс орындарындағы тәртіпті сабақ өткізетін оқытушы бақылайды.
  • Сабақ аяқталғаннан кейін оқытушы зертхананы (кабинетті) толық сақталған күйінде меңгерушіге өткізеді.
  • Білімгерлер мен оқытушылардың өзбетінше жұмыстары кезінде робототехника және мехатроника зертханасының сақталуы мен тазалығына зертхана меңгерушісі жауап береді.
  1. Зертхана меңгерушісінің құқықтары мен міндеттері
  • Робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі құқылы:
  • колледждің ғылыми кеңестерiнде сайлау және сайлану;
  • Қоғамдық қызметке сайлауға және сайлануға;
  • Біліктілікті үнемі арттыруға;
  • Робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі міндетті:
  • Зертхананың жылдық жұмыс жоспарын жасау және басшылыққа ұсыну.
  • Жұмыс жоспарында жоспарланған жұмыстарды ұйымдастырады және орындалуын қадағалайды, сәйкес білім аймағы бойынша олардың дамуын және болашағын анықтайды, зерттеу жүргізудің құралдары мен әдістерін, зертхана алдына қойылған және ғылыми техникалық мәселелерді шешу жолдарын таңдайды.
  • Жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмалардың орындалуын, мамандардың орындаған жұмыс сапасын қадағалайды.
  • Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттарды безендірудің жинақтылығын және сапасын және олардың бекітілген тәртіпке сәйкес келуін қамтамассыз етеді.
  • Орындалған жұмыстар бойынша есеп даярлайды.
  • Жұмыстың орындалуына қажетті құрылғылар, материалдар және басқа ресурстардың қажеттілігін анықтайды, олардың сақталуын қамсыздандырады.
  • Оқу зертханасы қызметінің бағытын анықтайды, жұмысын анықтайды және координирлейді.
  • Техника қауіпсіздік ережелерін және өртқауіпсіздігін сақтайды.
  1. Зертхананы қолданушылардың құқықтары мен міндеттері
  • Зертханада алғашқы жұмыс жасау сеансының алдында ережелер мен ҚТжЕҚ бойынша нұсқаулықтарды зертхана меңгерушісінен алу;
  • қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • зертханада жұмыс жасау ережесін сақтау;
  • жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтау;
  • сырт киімді (сумкаларды) гардеробта немесе арнайы бір орындарда қалдыру;
  • мобильді телефондарды дауысын басу;
  • зертханаға меңгерушінің немесе оқытушының рұқсатымен кіріп/шығу;
  • программалық қателіктер немесе құрылғылардың істен шығу болған жағдайда меңгерушіге немесе оқытушыға хабарлау;
  • меңгерушінің немесе өзгеде адамның рұқсатынсыз программалық жабдықты және өзгеде электрондық ресурстарды көшіруге болмайды;
  • техникаға, жиһазға және өзгеде құрылғыларға ұқыпты қарау.

 

Робототехника және мехатроника зертханасындағы тәртіп

ЕРЕЖЕСІ

  • Робототехника және мехатроника зертханасында жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесі және еңбекті қорғау нұсқаулықтарымен, ақпараттық ресурстарды алу және орнынан ауыстыру ережесімен танысқан адамдар жіберіледі.
  • Студенттердің робототехника және мехатроника зертханасында жұмыс жасауына тек қана оқытушының немесе меңгерушінің өзі болған кезде ғана рұқсат етіледі.
  • Топтастырылған сабақтар кезінде өзге адамдар зертханада тек оқытушының рұқсатымен ғана кіре алады.
  • Жұмыс жасар алдында міндетті түрде:
  • жұмыс орнында қауіпсіз жағдайлардың жоқ екеніне көз жеткізу керек;
  • компьютермен жұмыс жасау барысында стол үстіндегі дәптерлер мен кітаптар компьютер жұмысына кедергі жасамайтындай орналасу керек;
  • дұрыс жұмыс істеу қалыпында отыру;
  • егер алдыңғы қолданушының жұмыс істеу сеансы аяқталмаса, онда оны аяқтау керек;
  • тіркеу ақпараттарын енгізу (қажет болған жағдайда).
  • Робототехника және мехатроника зертханасында жұмыс жасау барысында міндетті түрде төмендегі жағдайларға тыйым салынған:
    • сырт киіммен отыруға;
  • жұмыс орнына сумканы және сырт киімді қоюға;
  • зертханаға тамақпен немесе сусынмен кіруге;
  • кітап, дәптер және т.б. пернетақтаға қою;
  • қосылып тұрған монитордың артына немесе жанына отыруға;
  • кабельдарды, тоқ көзінің сымын қосуға немесе өшіруге;
  • компьютерлерді қозғауға;
  • жүйелік блокты ашуға;
  • аппаратураның жұмыс істеу барысында ондағы олқылықты өз бетінше жөндеуге;
  • жүйелік блоктағы және монитордағы винтеляциялық желдеткішті жабуға;
  • пернетақтаны ұруға, оларды бей-берекет басуға;
  • өзге адамдардың файлдарын өшіруге немесе орнынан қозғауға;
  • компьютерлік ойындарды қосуға немесе орнатуға ;
  • оқуға қатысы жоқ Интернет-ресурстарды қолдануға.
  • Робототехника және мехатроника зертханасында отыру барысында міндетті түрде:
  • тыныштық пен тәртіпті сақтау керек, мобильді телефондарды дауысын басып қою керек;
  • оқытушының және лаборанттың барлық нұсқауларын орындауы керек;
  • тек қана өзінің аты және паролімен жұмыс жасау керек;
  • жұмыс режимін сақтау керек (компьютерде жұмыс жасау ұзақтығы он минуттық үзілісі және көзге арналған жаттығулары бар екі сағаттан аспау керек);
  • көздің ашуы пайда болса көру деңгейі төмендесе қолда саусақтарда қандайда бір ауырлық пайда болса, жүрек қағысы жиілісе жұмыс орнын тастап дәрігерге қаралу керек;
  • жұмыс аяқталғаннан кейін барлық белсенді программаларды жауып, сеансты тәмәмдау керек;
  • жұмыс орнын таза қалпында қалтыру керек.
  • Робот пен механикалық модульмен, компьютермен жұмыс істеу барысында міндетті түрде дұрыс қалыпта отыру керек:
  • объекті мен көздің арасындағы ара қашықтық 70-80 см
  • вертикалды түзу арқа;
  • иықтарымыз түскен және босанқы;
  • аяғымыз жерде бір-бірімен айқаспаған;
  • қолымызды бір деңгейді столдың үстінде ұстау керек;

Программалық қателіктер немесе жүйенің істен шығуы кезінде міндетті түрде оқытушыға немесе меңгерушіге айту керек;

Қолданушының кесірінен робототехника және мехатроника зертханасында қандайда бір құрылғы істен шықса, оны жөндеу немесе ауыстыруды қолданушының өзі жасайды.