«Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «Талдықорған политехникалық колледжі»  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

2013 жылғы 7 қазандағы №674   бұйрығы бойынша №13015703 лицензиясымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен  кәсіптік орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығын алған.

  • Колледждің әнұраны, төлтаңбасы және туы бар.
  • Колледжде көптаралымды «Политех жаршысы» газеті шығады.

 

КОЛЛЕДЖ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Колледжде 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаттары жұмыс істейді.
  • Оқытушылар мен жұмысшылар саны – 181
  • Студенттер контингенті 2000 адам деңгейінде сақталуда.
  • Жылына 600-ден астам студент қабылданып, 500 — ден артық мамандар дайындалады.
  • Жылына 30 — дан астам әдістемелік құралдар шығарылады.
  • Оқу ғимараттарының ауданы — 8920 м2
  • Оқу – өндірістік шеберханалар ауданы – 2857,7 м2
  • Акт залы – 384 орындық
  • Асхана – 150 орындақ
  • Жатақхана – 220 орындық
  • Бір компьютерге келетін студенттер саны – 7
  • Толық жабдықталған колледж кітапханасында 45000 — нан астам кітап бар.
  • Интернеттегі тұрақты сайты — http: //tptk.kz
  • Көптаралымды «Политех жаршысы» газеті бар.
  • Оқытушылар еңбегін бағалау арнайы рейтинг жүйесі арқылы ұйымдастырылады.
  • Колледждің мұражайы жұмыс істейді

Колледжде, дәстүрлі орта кәсіптік білім ұжымдарының құрылымына, қосымша:

  • Компьютерлік тест орталығы;
  • Ақпараттық әдістемелік орталық;
  • Ғылыми ізденіс орталығы;
  • Студенттердің ғылыми қоғамы;
  • Электронды оқыту және қашықтан білім беру технологияларының дидактикалық құралдар жасау қызметі.
  • Ішкі мониторингті ұйымдастыру тобы;
  • Студенттердің өзін — өзі басқару органы «Конвент» сияқты жаңа құрылымдар жұмыс істейді